"Көшпенділер ойыны -төрт жылдықтың басты бәсекесіне пара-пар". Еліміздің дүбірлі додаға дайындық жұмысын талқылауға жиналған Сенат және Мәжіліс депутаттары ойынның маңыздылығына тоқталды. Елорда төрінде өтетін бәсекенің басталуына 87 күн қалды. Оған қатысуға 89 ел ниет танытқан. Бұл 100 мемлекеттен асады дейді жауаптылар. Екі жарым мыңнан астам саңлақ 20 спорт түрінен бақ сынайды. Ұлттық құрама командалары барлық ойыннан жүлдеге таласады. Қазір дайындық жұмыстары қызу жүруде. Биылғы бәсекеге "Ұлы дала жорығы" қосылды.
Серік ЖАРАСБАЕВ, ҚР СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ВИЦЕ МИНИСТРІ:
"Ұлы дала жорығы"- Көшпенділер ойынының үлкен бөлігі. Неге десеңіз, Ұлы дала жорығы осымен үш рет елімізде өткізілді. Үлкен шара. Ол да осы бағдарламаның көрсетіліміне кірілді. Солтүстік Қазақстан облысының Ботай деген жерінен бастап, Астанада Бозоқ деген тарихи жерде аяқталады деп жоспарлап отырмыз.
Байрақты бәсекені өткізуге қазынадан 5,7 млрд теңге бөлінген. Мәжіліс депутататтары мұның тым көп екенін айтады. Осыған дейін елімізде өткен бәсекелерден сабақ алып, қаржыны барынша үнемдеу керек. Жарнамалау жұмыстарын жүйелі жасау керек дейді.