$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Елімізде "Таза бейсенбі" акциясы жалғасуда

13.06.2024ж. 20:00
1557
Елімізде "Таза бейсенбі" акциясы жалғасуда

Президенттің "Таза Қазақстан" жалпыұлттық бастамасы аясындағы "AMANAT" партиясының "Таза бейсенбі" акциясы жалғасып жатыр. Әр апта сайын өтетін экологиялық шараға аймақтар қолдау білдіріп, жұрт болып жұмыла кіріскен. 

Астанадағы "Астраханское" тас жолының маңы қоқыстан тазартылды. Игі шараға 400-ге жуық "Жастар Рухы" жастар қанатының еріктісі мен қоғам белсенділері, ғалымдар мен студенттер қатысты. Олар 100 қаптан астам қоқыс жинады. Басты мақсат - айналаны ретке келтіріп, жастардың еңбекқорлығын тәрбиелеу, қаламыздың тазалығы мен өркендеуіне өз үлесін қосу дейді жауаптылар.

Мұхаммед БОЛЫСБЕК, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Қаланың шеті яғни сырт жағында осындай сенбіліктерді ұйымдастырып отырамыз. Неге себебі қалаға кіріп келе жатқан азамат үшін қала туралы пікір ол осы сыртынан басталады. Сондықтан да қаланың сырт жағындағы осындай шыға берісіндегі орындарды біз тазалап сенбілікті ұйымдастырып отырмыз.

Тобыл өңірі де игі шарадан шет қалмады. Олар жағажай аумағын қоқыстан тазартып, абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, ауқымды акцияға айрықша атсалысып жатыр. Нәтижесінде 20 тонна қоқыс шығарылды. Ауқымды акцияны келесі аптада жергілікті университет ұжымы жалғастырмақ.

Сейітбек ҚУАНЫШБЕКОВ, А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТАҒЫ «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКІШІСІ:

Әрбір мекемелер шығып әр бейсенбі сайын шамамен жүз адамдай , осы біздің Қостанай қаласындағы Тобыл өзені бойын тазартумен айналысып жатырмыз.Бұл негізгі біздің барлық істеп жатқан жұмысымыз осы Қостанай қаласын тазалықта сақтау.Мінекей президенттің акциясы бізге үлкен себебін тигізді.

Ал, өскемендіктер қоғамдық орындарды, аулалар мен көшелерді, алаңдар мен саябақтарды ретке келтіруде. Сондай-ақ Комендантка өзенінің бір кездері қараусыз қалған арнасын және көлік көп жүретін жолдың бойын тазартты.

Александр СВЕТАШ, ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, "АМАNАТ" ПАРТИЯСЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Бүгінгі күні "Таза бейсенбі" партиялық акциясын 200-ден астам азамат қолдады. Карбышева мен Виноградов көшелерінің қиылысындағы бұл аумақты тиісті жағдайға келтіру туралы шешім қабылданды. Мұнда бөтелкелер мен тұрмыстық қоқыстардың, тіпті шприцтердің де көп екенін көріп жүрміз. Аумақтарды тазалап, тұрақты күтім жасап тұрған дұрыс. Сонда күл-қоқыс шашылып жатпайды. Қала тазалығына бәріміз жауаптымыз.

Адам-табиғаттың төл перзенті. Сондықтан әр адам табиғатты аялап, тазалықты өзінен бастаған жөн. Экологиялық акция еліміздің бар өңірінде өтіп жатыр.