$479.23 €534.96 ₽5.16
×

“AMANAT” партиясының "Таза Қазақстан” Road-эстафетасы Алматы облысында жалғасты

13.06.2024ж. 20:00
1636
“AMANAT” партиясының "Таза Қазақстан” Road-эстафетасы Алматы облысында жалғасты

“AMANAT” партиясының “Таза Қазақстан” Road-эстафетасына қатысушылар Алматы облысына жетті. “Амаnат” партиясы мен “Жастар рухы” Жастар қанаты бастаған топ 1100 шақырым жолдың айналасын қоқыстан тазартты. Сондай-ақ Ақши ауылының тұрғындарымен қоғамдық қабылдау өтті. Облыстық Мәслихат депутаттары халықпен кездесіп, маңызды сұрақтарға жауап берді. Айта кетейік, аталмыш акция Қонаев қаласында ертең мәреге жетеді. 

Қуат БАЙҒОЖАЕВ, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жамбыл облысынан эстафетаны қабылдап алып. Алматы облысы мен Жамбыл облысының қиылысқан шегара Қаншеңгелден бастап Жамбыл ауданынан 250-дей азамат сол өзінің төңірегінде бүгін акция жұмыстарын ұйымдастырды. Соның жалғасы ретінде міне Іле ауданында, Ақши ауылында кездесіп, сол жерде де сондай азаматтарымыз міне тазалық жұмыстары жүріп жатыр.