$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Тараз қаласында 100-ге жуық үйдің тұрғындары суға жарымай отыр

13.06.2024ж. 20:00
472
Тараз қаласында 100-ге жуық үйдің тұрғындары суға жарымай отыр

Тараздың қақ ортасындағы көшенің тұрғындары қала билігіне өкпелі.100-ге жуық үй бар көшеде не ішетін су жоқ, не үйлер орталық кәріз жүйесіне қосылмаған. Жол да жоқ. Жүріп-тұру қиын. Бұл проблемалардан халық әбден мезі болған. Әрі қарай тілшіміз айтады. 

Қаладағы Әбдібаева көшесі инфрақұрылымнан ада. Тұрғындар әлі күнге дейін суды тасып ішеді, септиктер сарқынды суға толы. Ойдым-ойдым тас жолдың түрі- мынау. Көшеде бар жоғы үш баспа құдық бар, 80 үй соған қарап отыр. Қыста құдық қатып қалғанда, жағдай тіпті қиындайды. Су құбырын жүргізейін десе, құны қымбат, тұрғындар қалтамыз көтермейді дейді. Әр аула кемі 500 мың тг төлеуі тиіс екен. Кәріз жүйесі жоқ, көшедегі иіс қолқаны қабады.

Майрамкүл ТОРТАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

21 ғасырда кім көріпті калонка пәсіп су алатынымызды. Кейде су тартылып та кетеді. Оған су құямыз. Қыста оны ораймыз кішкентай бала ұқсап. Кір жуамыз түнде, шомылады балалар түнде. Не ұйқы, не күлкі жоқ!

Алмат ҚАЛЫБЕКОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Жақын арада кірмейді дейді кәріз жүйесі. Айналамыздағы көшелердің бәрінде бар. Бізді қосса кәріз жүйесі толып қалады ма? Біздің қалаға 2 мың жыл. 2 мың жыл бұрын бұл жерде канализация болған.

Дегенмен, ай сайын коммуналдық төлем түбіртегі келетін көрінеді. Соған қарағанда су мен кәріз жүйесі қағаз жүзінде кіріп қойған ба деп күдіктенеді жұрт. Ал жауапты басқарма өкілінің айтуынша, осы айдың аяғына дейін ауыз су тартудың сметалық құжатын әзірленеді. Қаржы қаралса биыл су жүргізіп, тас жол төсейміз деп отыр. Ал орталық кәріз жүйесіне қосу алдағы жылдардың еншісінде дейді.

Серік, ТҰРҒЫН ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Кәріз тазарту құрылыстары ол қазір мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр. Құрылысы жоспармен 2025 жылы басталады. 3 жыл құрылысы жүреді. Сол жүргізілгеннен кейін қала аумағындағы көшелерді кәріз жүйесіне қосу назарға алынатын болады.

80 ауланы кәріз жүйесіне қосу 4-5 жылдан кейін іске асады. Айта кетейік, қаладағы 4 саяжай мен шалғай Қарасудағы 7 алқап кәріз жүйесіне қосылмаған.