$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қазақстанда экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін жедел штаб құрылды

AstanaTV
13.06.2024ж. 18:16
1638
Қазақстанда экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін жедел штаб құрылды

Премьер-Министр 2024 жылғы 10 маусымдағы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабты құру туралы» өкімге қол қойды.

Жедел штаб құрамына мыналар кіреді:

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі, басшы;

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі, хатшы;

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;

Қазақстан Республикасының Энергетика министрі;

Қазақстан Республикасының Көлік министрі;

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі;

Қазақстан Республикасының Индустрия және құрылыс министрі;

"Самұрық-Қазына" Халықтық әл-ауқат қоры" АҚ Басқарма төрағасы (келісім бойынша);

"Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқарма төрағасы (келісім бойынша).