$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматы облысында жолаушы полицейлерге тап беріп, соққыға жыққан

AstanaTV
14.06.2024ж. 01:12
1866
Алматы облысында жолаушы полицейлерге тап беріп, соққыға жыққан

Алматы облысының полиция департаменті қызмет барысында тәртіп сақшыларына шабуыл жасаған ер адамның ұсталғанын хабарлады.

— 12 маусымда әкімшілік учаскені патрульдеу кезінде жол таңбалау ережесін сақтамағаны үшін Mercedes Benz көлігін басқарған жергілікті тұрғын тоқтатылды. Автокөлік жүргізушісінің құжаттарын тексеру барысында жолаушы ретінде жүрген 20 жастағы ер адам полиция қызметкеріне дене жарақатын келтірді. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, — деп хабарлайды облыстық ПД.

Сондай-ақ департаменттің баспасөз қызметі аталған жағдайға орай билік өкіліне күш көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. 

Болған оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау үшін тергеу жұмысы жүріп жатыр.