$538.33 €626.99 ₽6.71
×

"Реал" капитаны араб клубына ауысуы мүмкін

AstanaTV
14.06.2024ж. 11:36
"Реал" капитаны араб клубына ауысуы мүмкін

Мадридтік клуб капитаны Начо Фернандес мансабын Сауд Арабиясында жалғастырады деп күтілуде. Оған Карим Бензема, Фабиньо және Н'Голо Канте ойнайтын "Әл-Иттихад" командасы ұсыныс жасауда.

Marca ақпараты бойынша 34 жастағы футболшыға әр маусым сайын 20 млн еуро және екіжылдық келісімшарт ұсынуда екен.

Футболшының "корольдік клубпен қазіргі келісімі 30 маусым күні аяқталады.