$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Алматы облысы Түрген ауылындағы А. Жексембеков атындағы мектепті 33 түлек бітірді

14.06.2024ж. 20:00
758
Алматы облысы Түрген ауылындағы А. Жексембеков атындағы мектепті 33 түлек бітірді

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылындағы Абыхан Жексембеков атындағы мектептің түлектері алтын ұямен қоштасты. Барлығы 562 оқушы білім алатын мектептен биыл 33 жас түлеп ұшты. Оның 3-і Алтын белгіге бітірсе, екеуі үздік аттестат алды. 

Шара ҚАЛЫҚОВА, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:

Сол 5 оқушы да өздерін ҰБТ да бақтарын сынап, тиісті дәрежеге жетті. Сондықтан биылғы бітіретін түлектерімізге сәт сапар тілеймін, жолдары ақ болсын.

Елімізде білім алам деген жасқа барлық жағдай жасалған. Тек білім ғана адамға өмір жолын дұрыс таңдауда еркіндік пен өз-өзіңе деген сенімділік, табысқа жетуге және өз қабілетін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Балалықпен қоштасып, жаңа өмірге қадам басып жатқан түлектер алғаш әріп үйреткен ұстаздарына алғыстарын жеткізді. Мектеп қабырғасындағы естеліктерін еске алып, қимай қоштасты.

Назерке МАНАП, "АЛТЫН БЕЛГІ" ИЕГЕРІ:

Мектеп өмірінде менің ең қызықты балалық шақтарым өтті. Ұстаздарыма шексіз алғыс білдіре отырып, жұмыстарына шығармашылық табыстар тілеймін. Ұстаздарымның берген білімдерінің арқасында мектепті үздік аяқтап, "Алтын белгі" иегері атандым. Барша Қазақстандық түлектерге сәт сапар тілеймін.