$479.23 €534.96 ₽5.16
×

"Былтыр Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 4,1 миллиард долларға жеткен", - Президент

14.06.2024ж. 20:00
273
"Былтыр Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 4,1 миллиард долларға жеткен", - Президент

Былтыр Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 4,1 миллиард долларға жеткен. Бұл туралы Мемлекет басшысы АҚШ-тың Сауда өкілі Кэтрин Тайды қабылдауында айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Кэтрин Тайдың сапары Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті. АҚШ-тың Сауда өкілі құрмет көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты. Сондай-ақ бірқатар мәселелерді бетпе-бет талқылауға мүмкіндік бергеніне ризашылығын білдірді.