$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қызылжарда тұшпара жеген әйел мен үш баласы ұшынып қалды

14.06.2024ж. 20:00
629
Қызылжарда тұшпара жеген әйел мен үш баласы ұшынып қалды

Қызылжарда тұшпара жеген әйел мен үш баласы ұшынып қалды. Барлығы бірдей ауруханаға түскен. Өкінішке қарай, екі бүлдіршінді аман алып қалу мүмкін болмады. Толығырақ өңірден Абзал Құрманкин жеткізеді. 

Оқиға Қызылжар ауданының Надежка ауылында болды. Ауыл дүкенінен тамақ алған отбасы кешкі ас дайындап, артынша жатып қалған. Туысқандарының айтуынша, алдымен кішкентай сәби құса бастаған. Ізінше қалған екі баланың хәлі нашарлапты.

Сергей КОВАЛЕНКО, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Олар дүкеннен тұшпара, шұжық және газдалған шырын алды. Отағасынан басқасының бәрі оны жеді. Кейін барлығы уланып қалды. Кішкентайымыз түні бойы құсып, таңертен көз жұмды. Ауылдың медбикесі қастарында болды.

Облыстық ауруханаға жеткізілгеннен кейін араға бірнеше сағат салып, екінші бүлдіршін де көз жұмған. Ал анасы мен 10 жасар бала қазір аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

Раиса ҚҰСАЙЫНОВА, СҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Науқастардың бойында тағамдық токсикоинфекция анықталды. Саладрынан екі сәби токсикологиялық шок алып, мидың ісінуінен қайтыс болды. Қалған екі науқастың жағдайы ауыр, бірақ тұрақты.

Коваленко жанұясына сапасыз азық-түлік сатқан ауыл дүкені қазір жабық. Құзырлы органдар қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастады.

Азат ҚҰСАЙЫНОВ, СҚО ПД ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Аталған факті абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеліп соққан санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық талаптарды бұзу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп тексерулердің біріңғай тізіліміне енгізілді.

Сот медициналық сараптаманың нәтижесі бір айдан кейін шығады.