$503.05 €542.99 ₽5.98
×

Президент шахматтан әлем чемпионы атанған Қазыбек Нөгербекті құттықтады

AstanaTV
14.06.2024ж. 19:19
867
Президент шахматтан әлем чемпионы атанған Қазыбек Нөгербекті құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның Гандинагар қаласында өткен халықаралық жарыста жастар арасында әлем чемпионы атанған Қазыбек Нөгербекке құттықтау жеделхатын жолдады. 

«Ел намысын қорғап, үздік шахматшы ретінде гроссмейстер дәрежесін иеленіп, жеңімпаз атану – зор жетістік. Ұлтымыздың абыройын асқақтататын өзің сияқты алғыр да ақылды ұрпақтың өсіп келе жатқаны қуантады. Алдағы уақытта да жарқын жеңістерге және арман-мақсаттарыңа жете беруіңе тілектеспін», – делінген жеделхатта.