$487.24 €529.34 ₽5.02
×

Қостанайлық өрт сөндірушілер үш адамды өрттен құтқарды

AstanaTV
15.06.2024ж. 01:36
1296
Қостанайлық өрт сөндірушілер үш адамды өрттен құтқарды

14 маусымда Қостанайда көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінің жертөлесінде өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқарушылар күшімен баспалдақ маршымен үш адам, оның ішінде екі баланы құтқарды.

Өрт сөндірушілердің жедел жұмысының арқасында шақырған сәттен бастап 27 минуттың ішінде өрт сөндірілді.

"Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы", делінген хабарламада.