6 шілде Астана күні мемлекеттік мерекесі сенбіге сәйкес келіп тұр, сол себепті демалыс күндері дүйсенбіге ауысады. Шілде айында қазақстандықтар 9 күн демалады.
Биыл Астана күні - 6 шілде сенбіге түсіп тұр. Сондықтан 6 шілде күнгі демалыс дүйсенбі, 8 шілдеге ауысады. Қазақстандықтар үшін 6, 7, 8 шілде күндері демалыс болады.
Сонымен қатар 13, 14 шілде, 20, 21 шілде, 27, 28 шілдеде, яғни сенбі-жексенбі күндері қазақстандықтар әдеттегідей демалады.
Сондай-ақ осы айда кәсіби және басқа да мерекелер бар. Жұмыс күндеріне қарамастан, бұл күндер атап өтіледі.
2 шілде – Дипломатиялық қызмет күні
7 шілде (шілденің бірінші жексенбісі) – Ұлттық домбыра күні
9 шілде – Су шаруашылығы қызметкерлері күні
13 шілде – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының күні
14 шілде – нотариат күні
14 шілде (шілденің екінші жексенбісі) – балық шаруашылығы қызметкерлері күні
21 шілде (шілденің үшінші жексенбісі) – Металлург күні
28 шілде (шілденің төртінші жексенбісі) – сауда қызметкерлері күні