$474.83 €518.99 ₽5.4
×

"Өмір қысқа": әнші Ерке Есмахан өзіне жазылатын жағымсыз пікірлерді қалай қабылдайтынын айтты

AstanaTV
16.06.2024ж. 23:18
5760
"Өмір қысқа": әнші Ерке Есмахан өзіне жазылатын жағымсыз пікірлерді қалай қабылдайтынын айтты

Танымал эстрада әншісі Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандары қойған сұрақтарға жауап беріп, өзіне жазылатын жағымсыз пікірлер туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды. 

"Хейт болсын, онсыз қызық емес қой және көз тимейді. Ол адам менің күнәларымды алып кетеді. Пайда! Жаманнан жақсы сөз көп негізі. Менің көзім тек әдемілікті, жақсылықты, махаббатты көреді. Біреу не дейді, не жазды дегенге мән бермеңіздер. Өйткені өмір қысқа, уақыт аз. Ғаламның ғажаптарын сезінуге ұмтылыңыздар", - деді әнші Instagram-дағы парақшасында.

Сонымен бірге өнер иесі қазіргі таңда неліктен тойға шықпай жүргенін айтты.

"Сұраныс өте көп, анда-санда болмаса, зауқым жоқ. Кезінде Құдайдың құтты күні той тойлатқанмын", - деді әнші.