$467.29 €501.03 ₽5.35
×

Астанада жатақханадан өрт шықты

AstanaTV
17.06.2024ж. 08:45
1349
Астанада жатақханадан өрт шықты

Елордада Сарыарқа ауданындағы жатақханалардың бірінен өрт шықты, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Астана қаласының өрт сөндірушілері Сарыарқа ауданының жатақханаға айналдырылған шатырлы үлгідегі екі қабатты үйдің жануын сөндірді.

Нақтыланған ақпарат бойынша мансардтық тұрғын үйдің және оған бекітілген бір қабатты жұмсақ жиһазды қалпына келтіру цехының шатыры жанған.

Зардап шеккен бар. Улы газбен уланған 1935 жылы туған азамат жедел жәрдем қызметкерлеріне берілді.