$467.29 €501.03 ₽5.35
×

Таразда жол белгісін елемеген жеңіл көлік шұңқырға түсіп кетті

AstanaTV
17.06.2024ж. 09:18
1462
Таразда жол белгісін елемеген жеңіл көлік шұңқырға түсіп кетті

Таразда жеңіл автокөлік құбыр жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан автожолдың жабық учаскесіне кіріп, қоршалмаған шұңқырға құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

«2024 жылғы 16 маусымда сағат 17:50-де Төле би даңғылынан Абай даңғылы бағытындағы «Лексус RX300» маркалы автокөлігінің жүргізушісі «3.1 Кіруге тыйым салынады және 1.23 Жөндеу жұмыстары» деп көрсетілген жол белгілерін елемей, магистральдық құбыр жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан автожолдың жабық учаскесіне кіріп, қоршалмаған шұңқырға құлаған», - делінген хабарламада.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші, оның әйелі және екі кәмелетке толмаған баласы зардап шеккен.

Полиция қызметкерлері мердігер ұйымға қатысты қылмыстық іс қозғады. Тергеуге дейінгі тексеру жүргізілуде.

Көлік жүргізушісі жол белгілерін елемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.