$467.29 €501.03 ₽5.35
×

12 мыңға жуық шаруаға 2 млрд текше метр су берілді

AstanaTV
17.06.2024ж. 14:18
1823
12 мыңға жуық шаруаға 2 млрд текше метр су берілді

Елімізде суару маусымы басталғалы 12 мыңға жуық шаруаға 2 млрд текше метр су берілді. Бүгінгі таңда вегетация кезеңі штаттық кестеге сай өтіп жатыр.

«Қазсушар» мекемесі биыл 790 мың гектардан астам ауылшаруашылық алқабын суаруға 12 млрд текше метр су жіберуді жоспарлап отыр. Оның ішінде 7 млрд текше метрі оңтүстік өңірдің егістіктеріне жұмсалады.

Кәсіпорын филиалдары биыл дихандармен су беру бойынша 18758 келісімшарт жасады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 32%-ға артық.

Суару маусымына дайындық аясында 83 гидробекет жөнделіп, қалпына келтірілді. Сонымен қатар 775 гидробекет аттестациядан өтті.

Кәсіпорын филиалдары арнайы су пайдалануға рұқсат алды, су қоймаларының жұмыс кестесі бекітілді, суару желілеріне вегетацияға дайындық аясында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Еліміздегі суармалы алқаптың негізгі бөлігі оңтүстік өңірлерге тиесілі, бұл кәсіпорын арналары арқылы суарылатын егіс алқаптарының шамамен 97%-ы,- деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.