$467.29 €501.03 ₽5.35
×

Қарағандылықтар «Таза бейсенбі» акциясы аясында 250 тонна қоқыс жинады

17.06.2024ж. 20:00
1056
Қарағандылықтар «Таза бейсенбі» акциясы аясында 250 тонна қоқыс жинады

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы еліміздің түкпір-түкпірінде жалғасын табуда. Ақтөбеде «AMANAT» партиясының белсенділері Мәртөк ауданы маңында «Таза бейсенбі» шарасын ұйымдастырып, полигонның жан-жағын тазалады. Бұл полигон маңында күл- қоқыс жылдап жиналған. Екі жүзге жуық тұрғын сондай-ақ, республикалық маңызы бар тас жолдың жан-жағын ретке келтірді. Тазалық шараларына10 арнайы техника жұмылдырылды. Бір күннің ішінде тұрғындардың көмегімен жүз тонна қоқыс шығарылды. 

Әнуар ИСКАРИН, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ МӘРТӨК АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Бұл акция енді ұзақ мерзімді болғандықтан тек қана бүгінгі аудан орталығының айналасын ғана тазалап қоймай, ауданда жалпы көшелері бар, ішкі келбетін қалпына келтіру, абаттандырубағытында осындай жұмыстар жалғасын тауып отырады. Барлығы осы атқарылған жұмыстар барлығы жыл бойы «Таза бейсенбі» деген акция аясына жұмылдырылады.

Бақыткүл АБДУЛЛИНА, МӘРТӨК АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Осы бейсенбілікке әрбір өзімізге бөлініп берген учаскеміз бар. Әрбір депутатқа әрбір бөлім басшысына және бастауыш партия ұйымы мүшесіне ол бейсенбіліктен басқа уақытта осы бөлініп берілген жердің тазалығы мен тәртібіне біздер жауаптымыз. Бұл әр бейсенбі сайын бақылауға алынып, тазалық тәртіп сақталған жерде әрине ауданымыз көркейеді, тазарады. Кейінгі ұрпаққа үлгі.

Қарағандылықтар «Таза бейсенбі» жобасының аясында 250 тонна қоқыс жинады. Президенттің жалпыұлттық бастамасын «Amanat» партиясының 3 мыңнан астам мүшесі қолдап, облыс аумағын тазартуға атсалысты. Аманаттықтар ең алдымен қалада жылдар бойы жиналмаған гараж аумағын қоқыстан аршыды. Белсенділер қатарында партияның аумақтық филиалдарының төрағалары, бастауыш партия ұйымдарының басшылары, барлық деңгейдегі депутаттар, жастар мен ерікті тұрғындар бар. Олар осылайша экологиялық сананы тәрбиелеуге шақырады. Айта кету керек, партияның аймақтық сайлауалды бағдарламасы аясында 2027 жылға дейін облыс пен барлық аудан орталықтарында рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою жоспарланған. 

Бекзат АЛТЫНБЕКОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

«Біз осы акцияға «Amanat» партиясының атынан сайланған депутаттар, қалалық ,облыстық мәслихат қалалық аппарат мүшелері, жастар бәріміз қатысып жатырмыз. Дегенмен де мен барша отандастарға айтқым келеді, сіздер тазалықты, ұзақ өмір сүруді жандарыңыз қалайды. Егер де өздеріңізге жандарыңыз ашитын болса үйден шыққан қоқыс қалдықтарын далаға лақтырып кетпеңіздер».