Ізім-қайым жоғалған қазақстандық экс-судьяның анасы мен ағасы Германияға барды. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты. Оларға жауапты министрлік виза алуға көмек көрсеткен. Ал әзірге жоғалған Айгүл Сайлыбаеваға қатысты бірде-бір тың ақпарат жоқ. Еске салайық, 5 маусымда Франкфурт қаласындағы Қазақстанның бас консулдығына әйелдің жоғалып кетуіне байланысты арыз түскен. Содан бері оны іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.