$467.29 €501.03 ₽5.35
×

Атырау тұрғынын бұрынғы азаматтық некедегі күйеуі пышақтап кетті

17.06.2024ж. 20:00
213
Атырау тұрғынын бұрынғы азаматтық некедегі күйеуі пышақтап кетті

Атыраулық келіншекті бұрынғы азаматтық некедегі күйеуі пышақтап кетті. Абырой болғанда, әйел аман қалды. Бірақ жағдайы ауыр. 

Сабыр ДЕМЕГЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАНЫҢ НЕЙРОХИРУРГ ДӘРІГЕРІ:

Тұрақты ауыр жағдайы. Себебі мойын жарақатына байланысты. Мойын ашық жарақаты болып тұр. Соған байланысты бір жақ қол-аяғы әлсіз. Қозғалысы шектелген. Кешенді ем алып жатыр.

Оқиға шаһардағы көпқабатты үйлердің бірінің кіре берісінде болған. 33 жастағы келіншекті пәтерден шыққанын аңдып тұрып, мойын тұсына үшкір затты сұғып алған. Ол құрбысына телефон шалып, жедел жәрдем шақыруды өтініп үлгерген. Қылмысқа күдікті келіншектің бұрынғы азаматтық күйеуі - 29 жастағы Өзбекстан азаматы екені белгілі болДЫ. Оның қылмыстық әрекеті дәліздегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Ол бірден қашып кетіп, ізін жасырып үлгерген. Полиция қазір оны іздеп жатыр. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. 

Руслан БӘЙТЕНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Күдіктінің жеке басы анықталып, күдіктіні ұстауға бағытталған жедел-іздестірудің кешенді шаралары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Қазіргі таңда күдікті мен жәбірленушінің бұрын азаматтық некеде тұрғандығы анықталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.