$477.03 €521.44 ₽5.43
×

"Астана" мен "Ордабасы" ойынында қателік жасаған төреші қатаң жазаланды

AstanaTV
17.06.2024ж. 21:51
3397
"Астана" мен "Ордабасы" ойынында қателік жасаған төреші қатаң жазаланды

Бүгін Қазақстан футбол федерациясының төрешілік-сараптамалық комиссиясы мен Төрешілер комитетінің онлайн жиыны өтіп, бас төреші Артем Кучин қатаң жазаланды.

Төрешілік-сараптамалық комиссия QFL премьер-лигасының 11-турындағы "Астана" мен "Ордабасы" командалары арасында тіркелген даулы эпизодты талқылады.

Төрешілік-сараптамалық комиссия бейнематериалдарға сүйене отырып, бірауыздан бас төрешіні жазалау туралы шешім қабылдаған.

"Төреші Артем Кучиннің матчтың 34-минутында қарсыласын арқасынан итеріп жібергені үшін "Ордабасы" командасының қақпасына пенальти белгілемеу туралы шешімі қате деп танылсын. Төрешілер комитетінің отырысында бір маусымда бір командаға қарсы жіберілген екі шешуші қателіктен кейін премьер-лиганың төрешісі Артем Кучинді (Қарағанды) жылдың соңына дейін ҚФФ өткізетін барлық деңгейдегі матчтардан шеттету туралы шешім қабылданды", - делінген ҚФФ хабарламасында.

Айта кетейік, бұл матчта "Ордабасы" 1:0 есебімен жеңіске жетті. Артем Кучин бұған дейін 3-турда "Астана" мен "Елімай" матчында да қателік жіберіп, 1 айға жазаланған еді.