$475.39 €513.37 ₽5.4
×

Автобус жүргізушілері енді медициналық тексеруден автоматтандырылған жүйе арқылы өте алады

AstanaTV
18.06.2024ж. 08:15
1175
Автобус жүргізушілері енді медициналық тексеруден автоматтандырылған жүйе арқылы өте алады

Автобус жүргізушілерін медициналық тексеруден өткізудің автоматтандырылған жүйесі іске қосылды.

Аталған жүйе қан қысымын, жүректің соғу жиілігін, температураны өлшеу үрдісін автоматтандыруға бағытталып, қоғамдық көлікті есірткілік немесе алкогольдік мас күйінде басқарудың алдын алады, деп хабарлады Көлік министрлігі.

Жүргізушілерге арналған кешенді рейс алдында және рейстен кейін медициналық тексеруден өткізумен айналысатын ұйым ұсынады.

Бүгінгі таңда жеке инвестициялар есебінен сатып алынған автоматтандырылған жүйе Павлодардағы №1 автобус паркінде істеп тұр.