$467.29 €501.03 ₽5.35
×

Пәкістанда аптап ыстық бизнесті тығырыққа тіреді

AstanaTV
18.06.2024ж. 11:41
1594
Пәкістанда аптап ыстық бизнесті тығырыққа тіреді

 Аптап бизнесті тығырыққа тіреді Табиғаттың тосын мінезі көптеген бизнестің адымын аштырмай отыр, деп хабарлайды 24.kz.

Пәкістанда шағын кәсіптің кірісінен гөрі шығысы, несібесіне қарағанда несиесі ұлғайған. Бұған- аптап ыстық себеп. Температура бағаны 40-тан түспейді. Үкімет бұған дейін энергетика желісін жаңартпаған. Жоғары температураға шыдамаған ескі сымдар үзіліп, станция жиі істен шығады. Электр тоғы болмаған соң тұтынушыларға қызмет көрсету де тоқтайды. Шағын кәсіп иелері пайда таппақ түгілі алған несиесін өтей алмай, зор шығынға батқан.

Мұхаммед Ілияс, мейрамхана қожайыны: - Жарық үнемі өше береді. Әбден берекеміз кетті. Тамақ мүлде істей алмаймыз. Тоңазытқыштар мен мұздатқыштар тоқтап, азық-түлік бүлініп, рәсуа болып жатыр.