$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ақтауда мүгедектігі бар адамдарды құлдықта ұстағандар анықталды

AstanaTV
18.06.2024ж. 16:11
1058
Ақтауда мүгедектігі бар адамдарды құлдықта ұстағандар анықталды

Ақтау қаласында мүгедектігі бар адамдарды еріксіз ұстап, адамдар көп жиналатын жерлерде қайыр сұрауға мәжбүрлеген тұлғалар анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Маңғыстау облысы прокурорының қаулысы негізінде полиция органдары бірқатар іс-шаралар жүргізді, нәтижесінде адам саудасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы қылмыстық іс аясында 2024 жылғы 22 сәуірде Ақтау қаласының аумағында құқық бұзушылық жасауға қатысы бар 5 адам ұсталды», - деп хабарлады прокуратура.

Соңғы 5 айда прокурорлар мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау саласында 89 тексеру мен талдау жүргізді, нәтижесінде 527 заң бұзушылықтар анықталды, 68 ұсыныс қаралып, 4 наразылық қанағаттандырылды. Прокуратура актілері бойынша мүгедектігі бар 7 мыңнан астам адамның құқықтары қорғалды.

Жол берілген бұзушылықтар үшін 284 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 65-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды.