$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Адам өміріне араша болудан артық бақыт бар десе сенбес едім", - фельдшер

18.06.2024ж. 20:00
677
"Адам өміріне араша болудан артық бақыт бар десе сенбес едім", -  фельдшер

"Дәрігер болу ең бастысы тез шешім қабылдау мен батыл болуды қажет ететінін түсіндім". Жедел-жәрдем қызметінде тер төгіп жүрген көкшетаулық Гүлназ Бөкеш осындай ой түйіпті. Ол екі дүниенің арпалысына түскен жанды талай көрді, өшкен үмітті қайта жандырды. 

Кезекті шақырту. Жедел-жәрдем бригадасы шұғыл атанды. Қан қысымы көтерілген науқасқа алғашқы көмек көрсетті. Гүлназ Бөкеш төрт жылдан бері осылай еңбек етіп келеді. "Үміті үзіле бастаған науқастың алғашқы медициналық көмекпен есін жиған сәттегі жақындарының қуанышын айтып жеткізу мүмкін емес", дейді.

Гүлназ БӨКЕШ, ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ БӨЛІМШЕСІНІН ФЕЛЬДШЕРІ:

Ауырған кезде көңіл болмайды. Ашуланшақ болады. Осы кезде яғни психология жағынан эмоционалды түрде кішкене қиын жұмысымыз. Ауруна байланысты әртүрлі қиындық тудырады негізі. Әрине кейбір науқастар болады төсекте жатқан олар тұра алмайды, жүре алмайтын. Кейбір сол науқастарды ауруларына сәйкес біз ауруханаға апарамыз жатқызуға сонда әрине көтеру керек болады. Сонда водительмен вельдшрлар, туысқандарымен бірге үйінен шығарып осы қыз бала ұл бала деп бөлінбей науқастарды көтереміз.

Қала тұрғыны Табылды Тезекбаев 3 рет өлім аузынан аман қалыпты. Оның жанына араша болған дәрігерлерге алғысы алғаусыз.

Табылды ТЕЗЕКБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Денсаулықтың кішкене бір кінәрат берген кезде телефон шалсан уақытында шауып келеді. Сол өздернің қолдарына келген медициналық көмектерін жасап. Мен өзім қыстың күні осы диспанцерлік болинцаға апарып мені жатқызды. 4-5 күннін ішінде емдеп жазылып кеттім. Одан кейін кордихиругия болинцасынан өткен жұма күні шықтым. Сол кордихиругияға да алып барды жедел жәрдем медицина қызметкерлерінің өкілдері.

Медицина саласын таңдап, "дәрігер" деген мәртебені алу кез-келгеннің қолынан келе бермейді. Өйткені күн-түн демей ауырған жанға көмек көрсету үшін мамандыққа деген аса жоғары махаббат керек.

Мейрам ӘЛЖАНОВ, СТУДЕНТ:

Осы фельдшерге келгенім маған пациенттермен көбінесе осы медицина ұйымында жұмыс істеу маған ұнайды. Осы тәжірибелік практикада көптеген білімдерді алып монипулияцаларды үйреніп жатырмын. Осы тәжірибелерім болашақта маған керек болатынына сенемін.

Жедел-жәрдем үшін әрбір минут бағалы. Тіпті санаулы секундта шешіп қабылдап, адам өміріне араша болуда.