$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Қырғызстаннан Қазақстанға жіберілген шиеден жидек шіркейі табылды

18.06.2024ж. 20:00
260
Қырғызстаннан Қазақстанға жіберілген шиеден жидек шіркейі табылды

Жамбыл облысының Қырғыз Республикасымен шекарасында орналасқан "Қарасу" фитосанитарлық бақылау бекетінде зарарлы шие анықталды. Карантин зертханаларының қорытындысы бойынша, тасымалданған 900 келі шиеден азиялық жидек дрозофиласы табылған. Әрбір өнім иесіне 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Бұзылған шие қайта Қырғыз еліне қайтарылды.