$481.84 €531.33 ₽5.07
×

Елімізде жыл сайын 100-ден аса адам суға батып көз жұмады

18.06.2024ж. 20:00
311
Елімізде жыл сайын 100-ден аса адам суға батып көз жұмады

Елімізде жыл сайын 100-ден аса адам суға батып көз жұмады. Қайғылы оқиғалардың 95 проценті шомылуға тыйым салынған орында болған. Биыл 45 адам тілсіз жаудың құрбаны болды. Суға кету дерегі Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облысында көп тіркеледі. 

Шыңғыс ӘРІНОВ, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ:

Министрліктің халықты қорғау бойынша қабылданған шаралары өзінің нәтижесін көрсетіп, 2020 жылдан бері судағы адам өлімінің саны 437-ден 227-ге дейін азайды. Қазіргі таңда су айдындарында министрліктің 42 құтқару бекеті халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.