$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Атырауда комплаенс офицерлерге жемқорлық тәуекелдерін анықтау жолдарын түсіндірді

19.06.2024ж. 20:00
563
Атырауда комплаенс офицерлерге  жемқорлық тәуекелдерін анықтау жолдарын түсіндірді

Атырауда комплаенс офицерлерге арналған семинар өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент пен Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясы квазимемлекеттік секторда комплаенс қызметін ұтымды ұйымдастыру жолдарын түсіндірді. 

Квазимемлекеттік секторда бармақ басты, көз қысты әрекеттерге жол жоқ. Комплаенс офицерлер мекемедегі жағдайды жіті бақылап, тәуекелдердің алдын алады. Қажет жағдайда талдау жасап, мүдделер қақтығысын болдырмауға әрекет етеді. Семинарда академия спикерлері заңдағы өзгерістер туралы айтып, семинар қатысушыларымен бірге тәуекелдерді анықтау жолдарына талдау жасады.

Нұрлан ЖАХИН, ОБЛЫС БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

Жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын сақтап, оның ішінде мүдделер қақтығысы бар, қаржылық бақылау бар, оның ішінде бюджет қаржысын ұрлауға байланысты нұсқаулар бойынша комплайнс офицерлер бар. Бірақ та олар өздерінің жұмысын тиімді жүргізу үшін біздер сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүргізетін құзыретті орган боландықтан біз ай сайын оқыту жұмыстарын семинарлар жүргіземіз волонтерлармен бірігіп.

Нұрлан Жахин комплаенс офицерлар көп жағдайда бұл қызметке жүрдім-бардым қарап, «жемқорлық тәуекелдер анықталмады»,- деп есеп береді,- дейді. Сондықтан маңыздылығына тоқталып, жауапкершілікпен қарауға шақырды. Семинардың алғашқы бөлігі квазимемлекеттік ұйым басшыларына арналды. Түстен соң комплаенс қызметкерлерге тренинг өтті.

Асылбек НӘСИЕВ, КОМПЛАЕНС ОФИЦЕР:

ІSО37 01 бағдарламасын енгізуді өте жақсы меңгердік. Қазіңргі таңда квазимемлекеттік секторларда ол бағдарламаны енгізу, жұмысты жандандыру арқылы жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Өте көп жұмыстар атқарылды. Ол ең бірінші сауалнама, студенттермен жұмыс істеу декандармен және мұғалімдермен ақпараттарды алып.

Айта кетейік, жыл басынан бері 100ден астам комплаенс білімін жетілдірген. 6 жемқорлық тәуекеліне іші талдау жүргізіліп, 10 нан астам тәуекел анықталды.