Ақтөбеде су айдындарына бейнебақылау камералары қойылуда. Бұл қайғылы жағдайдың алдын алу үшін маңызды. Себебі, өңірде суға кету дерегі көбейген. Бір айда 4 адам тілсіз жаудың құрбаны болды.
Өңірде 59 жағажай бар. Оның 22-сі қалада, қалғаны аудандарда. Бірақ тыйым салынған жерлерде суға шомылушылар азаяр емес. Құтқарушылар күнделікті түскі екіден кешкі сегізге дейін су айдындарында рейд жүргізеді.
Елена ЗАКЕРЯНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Здесь дачи, много кто приходит....Бұл жерде саяжайлар сондықтан көп адам шомылуға келеді. Жақын болған соң. Жилгородской пляж бізге алыс. Мына ыстықта оған баруға ниет те жоқ. Осы жерден бізге шомылуға болатындай коммуналдық жағажай жасап берсе жақсы болар еді.
Облыс аумағында шомылуға қауіпті деп белгіленген 200 ден астам орын бар. Құтқарушылар қала маңында осындай 18 орынды анықтаған. Бір айдың ішінде Ақтөбеде төрт адам суға кетті. Біреуі- 17 жастағы бозбала.
Асқар СЕРДАЛИН, ҚАЛАЛЫҚ №4 ҚҰТҚАРУ БЕКЕТІНІҢ ҚҰТҚАРУШЫСЫ:
Енді ол жерде неше түрлі адам кездеседі. Кейбірі түсінігі бар, оларға түсіндіріп ескертеміз. Олар жәймендеп үйіне қайтады. Неше түрлі адам кейде ішкендер кездеседі. Айтқанды тыңдамайтындар болады. Жанжал шығарып, провокация жасап, оларға учасковый шақырамыз. Учасковыйдың жәрдемімен үйлеріне қайтарамыз.
Сонда да ескертуге құлақ аспайтындар көп. Бүгіннің өзінде он бес адамды әкімшілік жауапкершілікке тартып, айыппұл салды.
Бекзат АМАНГЕЛДІ, ҚАЛАЛЫҚ ТЖБ ОФИЦЕРІ:
Егер де суға түскен фактілері тіркелетін болса ТЖД немесе бізбен әкімшілік жауапкершілкке тартылады немесе полиция қызметкерлерімен 412 бап бойынша айыппұл салынады. Жеті мрп 26 мың теңге.
Бақыт ҚАЗАНҒАПҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
Ақтөбеде адамның жағажайларда қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы бейнебақылау камералары орнатыла бастады. Бүгінде тоғыз камера орнатылған. Олардың саны осы шомылу маусымының аяғына дейін 33-ке дейін жетеді деп күтілуде.
Камералар әзірге Електің бойында, Заречный, Абрикос саяжай маңына қойылған. Бұл-ең қауіпті орындар дейді мамандар.