$481.84 €531.33 ₽5.07
×

Павлодарда "greenpvl" атты экоклуб ашылды

19.06.2024ж. 20:00
1178
Павлодарда "greenpvl" атты экоклуб ашылды

Павлодарда "greenpvl" атты экоклуб ашылды. Жаңа жоба облыстық Жастар ассамблеясының бастамасымен құрылған. Оның салтанатты ашылу рәсіміне экологтар қатысып, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсіндірді. Сондай-ақ экологиялық сананы қалыптастыруға бағытталған деректі фильмдер көрсетілді. Айта кетейік, мақсат жастарды мәдениетке және табиғат пен еңбекке жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу дейді экоклуб мүшелері. 

Жұлдыз МАНАЙ, ЭКОКЛУБ МҮШЕСІ:

Бізде қазір бұл кино экология жайлы болады. Қазақстандағы біздің қорғайтын табиғатымыз экология жайында болады. Және де бұл бізде Ассамблея жастарының ішінде бізде жастардан құралған.