$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Неміс футболшыларының қызғылт жейдесінің сатылымы рекорд жаңартты

AstanaTV
19.06.2024ж. 17:38
1914
Неміс футболшыларының қызғылт жейдесінің сатылымы рекорд жаңартты

 Футболдан Германияның қызғылт жейдесі ұлттық құрама тарихындағы ең көп сатылған жейде ретінде тіркелді, - KAZINFORM.

Әу баста жейдеде мемлекеттік тудағы түстердің жоқтығы жергілікті жанкүйерлерді елең еткізген еді. Тіпті, кез келген команданың сырт алаңда киетін жейделерінде болатын жасыл түстің болмауы да түсінбеушілік тудырған болатын. Десе де, Германия футбол қауымдастығы бұл жейде таныстырылған сәттен бастап Еуропа чемпионаты басталғанға дейін тарихтағы ең көп сатылған жейделердің рекордын жаңартқанын растап отыр.

Биыл наурызда жейденің таныстырылымы кезінде Германия футбол қауымдастығы басшылығы: «Бұл жейде неміс жанкүйерлерінің жаңа «ұрпағына» арналған және Германияның әртүрлілігін көрсетеді», деген еді.

Еуро-2024 додасы Германия құрамасының техникалық демеушісі болып табылатын Adidas ұжымының соңғы жарысы екенін атап өткен жөн. 2027 жылдан бастап Nike немістердің жаңа демеушісі болады. Сәйкесінше, жейде де өзгеруі мүмкін.

Германия құрамасы Adidas жейделерімен үш әлем чемпионатында және екі Еуропа чемпионатында жеңіске жетті. Компания 1954 жылдан бері Германия құрамасының ресми техникалық демеушісі.