$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жетісу облысында "Таза бейсенбі" акциясы аясында бір аптада 300 тонна қоқыс шығарылды

20.06.2024ж. 20:00
1774
Жетісу облысында "Таза бейсенбі" акциясы аясында бір аптада 300 тонна қоқыс шығарылды

«AMANAT» партиясының "Таза бейсенбі" акциясына барлық өңір белсенді атсалысуда. Бүгін тазалық шарасы Ақмола, Павлодар, Жетісу облыстарында өтті. 

Ақмола облысында өткен тазалық акциясына «Amanat» партиясының өкілдері мен халық қалаулылары қатысты. Игі шараға жиналған белсенділер елдімекендерге барып аулаларды күл-қоқыстан тазартты.

Мадияр АМАНГЕЛДИНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бүгін біз аманаттықтар Ақмола облысы бойынша әр ауданнан 19 ауданнан келіп Ақкөл ауданына атбасын бұрып отырмыз. Біздің мақсатымыз Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен "Таза Қазақстан" акциясы аясында әр бейсенбі сайын өзіміздің ауданымызда өзіміздің ауылымызда "Таза Қазақстан" акциясына белсене қатысудамыз.

 «AMANAT» партиясының «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы Жетісу облысында да жалғасуда. Бүгін партияның Жетісу облыстық филиалының 1000-ға жуық мүшесі мен «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері аумақтарды тазалауға шықты.Облыс бойынша қоқыс көп жиналған 113 учаске анықталып, арнайы карта әзірленді. Шараның бірінші аптасында 66 арнайы техниканың жұмылдырылуымен 300 тонна қоқыс шығарылса, екінші аптада 48 учаске қамтылды. 93 тонна қоқыс шығарылды. Осылайша қараусыз қалған жерлер тәртіпке келтірілді.

Арыстанғали АРЫН, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Басты мақсат -елімізді тазалықта ұстау, жанымызды тазалықта ұстау. Адал болу таза болу осындай бір мәдениетімізді жаңғыртып елдің ішінде осы тазалыққа бағытталған жақсылыққа бағытталған шараларды өткізу болып табылады

Сондай-ақ, павлодарлық белсенді жастар, еріктілер, қоғамдық ұйым өкілдері, белсенділер және тұрғындар Усолка өзенінің жайылмасына шығып, қоқысты тазалады. Үш КамАЗ қалдық зат жиналды. Соңғы үш аптада облыста 40 тонна қоқыс шығарылған.

Ризат РАХЫМЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бүгін біз өзе жайылмасын тазалап жатырмыз. Тұрғындар көп қоқыс тастайтынын тағы да көрдік, демалыстан кейін соңынан жинап кетпейді. Бүгін біз үш шақырымдай жаяу жүрдік. Атап айтқанда, біз рұқсат етілмеген жағажайларды қамтыдық.

Партия өкілдері «Таза бейсенбі» акциясы жалғасатынын айтты. Қоршаған ортаны таза ұстау, экологияны жақсарту- баршаға ортақ міндет.