$480.55 €533.75 ₽5.36
×

"Жемқорлық құқық бұзушылықтың 80 пайызы мемлекеттік сатып алу саласында болады",-М.Әшімбаев

20.06.2024ж. 20:00
137
"Жемқорлық құқық бұзушылықтың 80 пайызы мемлекеттік сатып алу саласында болады",-М.Әшімбаев

Жемқорлық құқық бұзушылықтың 80 пайызы мемлекеттік сатып алу саласында болады. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі өрескел заңбұзушылықтар туралы айтты. Мұндай деректерді азайту үшін оқиға болғаннан кейін емес, алдын ала жұмыс істейтін бақылау жүйесі қажет деді. Оның айтуынша, бұл жүйенің қазақстандық өндірушілерді қолдауға, яғни мемлекеттік сатып алудағы қазақстандық қамту үлесін арттыруға ықпал етуі де маңызды. Бүгінгі таңда қолда бар статистика бойынша Мемлекеттік сатып алулардағы қазақстандық мазмұн -50%. Бүгін депутаттар пленарлық отырыста "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңды қосымша түзетулермен мақұлдады. 

Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Мемлекеттік сатып алу процесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуды. Сондай-ақ қоғамдық бақылауды күшейтуді көздейтін ережелер де бар. Жалпы мақұлданған заңдар елдің экономикалық өсуі үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге оң ықпалын тигізеді деп сенеміз.