$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Елімізде 20 өрт сөндіру депосының құрылысы жүріп жатыр

20.06.2024ж. 20:00
306
Елімізде 20 өрт сөндіру депосының құрылысы жүріп жатыр

Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновті қабылдады. Президентке министрліктің атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспары жөнінде есеп берілді. Министрдің айтуынша, қазір 20 өрт сөндіру депосының құрылысы жүріп жатыр, сондай-ақ елордада тез құрастырылатын өрт сөндіру депосы мен жатақхана салу жөніндегі пилоттық жоба іске қосылған. Шыңғыс Әрінов Азаматтық қорғау академиясының құрылысы, әуе авиациясы паркін жаңарту және Каспий теңізінің жағасында Ұлттық теңіз жасағын құру жұмыстары жайында да айтты. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылымын жетілдіру жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді. 

Шыңғыс ӘРІНОВ, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ:

Төтенше жағдайлар министрлігінің штаттық құрлымын оптимизациялау, материалдық базаны нығайту туралы айттым. Жаңа өрт сөндіру деполарын, құтқару станцияларын, сондай-ақ азаматық қорғаныс академиясын салу, авиация паркін жаңарту сөз болды. Бұдан бөлек Президентке қазіргі уақытта сөз болып жатқан құтқару бөлімшелерін цифрландыру, кадрлық әлеуетті артыру және азаматтық қорғаныс органдары қызметкерлерінің әлеуметтік қорғауды күшейту бойынша қабылданып жатқан шаралар бойынша ақпарат берілді.