$479.23 €534.96 ₽5.16
×

Мемлекет басшысы АӨСШК бас хатшысы Қайрат Сарыбайды қабылдады

20.06.2024ж. 20:00
377
Мемлекет басшысы АӨСШК бас хатшысы Қайрат Сарыбайды қабылдады

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесін халықаралық ұйымға айналдыру жолында Қазақстан айтарлықтай белсенділік танытып отыр. Vемлекет басшысы аталған ұйымның бас хатшысы Қайрат Сарыбайды қабылдауында осылай деді. Хатшы форумды институционалдық тұрғыдан нығайту үшін атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Президент бірлестікті одан әрі дәйекті түрде дамыту қажет екеніне назар аударды. Сондай-ақ кеңес хатшылығының қызметіне айрықша мән беріп, еліміз оның барлық деңгейдегі жұмысына атсалыса беретінін мәлімдеді.