$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Тобыл өңірінде 2025 жылға дейін тоғыз мектеп салынады

20.06.2024ж. 20:00
391
Тобыл өңірінде 2025 жылға дейін тоғыз мектеп салынады

Президенттің тікелей тапсырмасымен «Жайлы мектеп» жобасы аясында елдімекендерде 163 мектеп салынуы тиіс. Тобыл өңірінде тоғыз білім ордасы бой көтереді.Мемлекет басшысының межелі бастамасы қалай жүзеге асып жатыр? Толығырақ тілші материалында. 

Қостанай ауданына қарасты Заречный ауылы күн сайын көркейіп келеді. Елдімекен көгілдір газ, ауыз сумен толық қамтылған. Енді жаңа мектеп, емхана салынып жатыр.

Маржан ДОСҚАЛИЕВА, ҚОСТАНАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ауылды мекендерді дамытуға көп көңіл бөлінеді.Соның бірі Заречный ауылы.Ауылда көптеген даму жобалары жүзеге асырылып жатыр. Мысалы ол «Жайлы мектеп». 900 орынға арналған. Қазақ тілінде болады ол.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан білім ордасы қыркүйек айында қолданысқа беріледі. Жаңа мектеп табалдырығын айттайтын талай шәкірт білім-ғылымға талпынып,толағай жетістіктерге жетері сөзсіз. Заречный жеткіншектері спорттан да талай жеңіске жетіп жүр.

Мылтықбай АБДУАЙТОВ, АУДАНДЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

«Ауыл- ел бесігі » бағдарламасы бойынша үлкен спорт-денешынықтру сауықтыру кешені ашылды.Ол да біз үшін үлкен жеңіс деп айта аламызз.Оның ішінде спорты түрлері, баскетбол, футзал,валебйол, қазақ үресі, тоғызқұмалақ, асық ату спорт түрелрі дайындалатын болады.500-600 жуық спортшыларымыз сол маңайда шығынатын болады.

Былтыр елді мекеннің әлеуметтік –экономикалық әлеуетін арттыруға қазынадан 3 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінсе, биыл екі есеге артып 6 миллиардтан асқан. Ауылды абаттандыру, жол жөндеу жұмыстары да жүйелі жүзеге асып жатыр. Аудандық емхана құрылысы да қарқынды.

Анатолий НАМ, ҚҰРЫЛЫС ШЕБЕРІ:

3 қабатты ғимарат салып жатырмыз.Жертөле қабатын қойма ретінде қолдануға болады.Енді ол жағын тапсырыс беруші мекеме өздері шешеді.Жоба бойынша нысан тамыз айының соңында қолданысқа берілу керек.

Ауыл халқының саны да жыл санап көбейіп жатыр. Он мыңнан астам тұрғыны бар. Елді мекенде жылқы зауыты, атшабар,атқұмар жеткіншектерге арланған жабық манеж бар. Ұлттық спорт мектебінің шәкірттеріне қысы-жазы дайындалуға жағдай жасалған. Президенттің ауылды көркейту керек деген пәрмені Заречныйда толық орындалып жатыр.