$471.46 €504.79 ₽5.53
×

Қызылордалық Асылжан Абдуллаев мал бағатын құрылғы ойлап тапты

20.06.2024ж. 20:00
652
Қызылордалық Асылжан Абдуллаев мал бағатын құрылғы ойлап тапты

Қызылордалық Асылжан Абдуллаев мал бағатын құрылғы ойлап тапты. Төрт түлікті өріске жіберіп, оны дромен бақылап отыруға болады. Жас өнертапқыш бұған дейін QazaqGPT-дің алғашқы прототипін жасаған еді. Жасанды интеллект сурет салып, сұрақтарға жауап береді. Сондай-ақ фото және дыбыстық хабарламалар жасауға қабілетті. Барлық ақпарат қазақ тілінде. Жобаға америкалық сарапшылар оң бағасын берген. 

Асылжан АБДУЛЛАЕВ,  ЖОБА АВТОРЫ:

Малшылардың жұмысын автоматизациялау, яғни, жеңілдету. Біз YOLO атты компьютерлік зрение моделін қолданамыз. Яғни, біз осыны оқыта отыра, жасанды интеллект, яғни, дрон малшының жұмысын өзі атқарады. Яғни, өзі бағады, өзі малдың санын санап тұрады. Қазіргі таңда 12 дара кәсіпкер пайдаланып жатыр.

Ауылда отырып бір емес, бірнеше жобаны жүзеге асырған Асылжан түрлі байқауларға қатысып, жеңімпаз болған. Ол күні кеше ғана өз командасымен бірге Caspian startap байқауында ІІІ орын иеленіп, жобасына инвестиция тартыпты. Топ жетекшісінің айтуынша, соңғы жоба айдалада жоғалып кеткен адамдарды табуға да көмегін тигізетін көрінеді. 

Әлкен СЕЙІТБЕК, ОҚУШЫ:

Біздің басты мақсатымыз – Қазақстан ауыл шаруашылығын цифрландыру. Соңғы 2023 жылы статистика бойынша 163 адам мал бағып жүріп жоғала бастады. Сондықтан біз осы проектіні және стартапты жүзеге асыруды бастадық.