$477.03 €521.44 ₽5.43
×

Қазақстанда ескі көлік иелері екі есе аз салық төлейтін болды

AstanaTV
20.06.2024ж. 17:39
3109
Қазақстанда ескі көлік иелері екі есе аз салық төлейтін болды

Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амрин жаңа Салық кодексінің жобасы аясында автокөлік жүргізушілеріне қандай жаңалық барын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Жаңа Салық кодексі жобасының тұсаукесері "Атамекен" ҰКП-да өтті.

"Бәріңізді жеке тұлға ретінде қызықтыратын нәрсеге тоқталайын: мысалы әркімнің көлігі бар. Енді барлық жеке тұлғалар үшін көлік құралдары бойынша бізде көлік салығының төмендетілген мөлшерлемесі болады. Егер машинаның қызмет мерзімі 10 жылдан асса, онда мөлшерлеменің 30 пайызға төмендейді, егер машинаның қызмет мерзімі 20 жылдан асса – екі есе, салық мөлшерлемесі 50 пайызға төмендейді", - деді Амрин.

Екінші мәселе, вице-министрдің айтуынша, зейнеткерлерге қатысты.

"Зейнеткерлер үшін біз жеке табыс салығының мөлшерлемесін қысқартамыз, яғни зейнеткерлер табыс салығын төлемейді. Негізінен осындай ұсыныстар бар",-деп атап өтті вице-министр.