$480.55 €533.75 ₽5.36
×

"С" тобындағы Дания мен Англия ойыны да тең аяқталды

AstanaTV
20.06.2024ж. 23:15
1486
"С" тобындағы Дания мен Англия ойыны да тең аяқталды

Еуропа чемпионатындағы Дания мен Англия құрамалары арасындағы ойын аяқталды. Франкфуртте өткен кездесуде 1:1 есебі тіркелді. 

Ойындағы екі гол да бірінші таймда соғылды. 18-минутта Харри Кейн ағылшындарды алға шығарды. Осы маусымдағы 50-ші голын еншісіне жазды. 

34-минутта даттар таразы басын теңестірді. Мортен Юльманның алыстан тепкен добы қақпа бағанына тиіп, торда тулады. 

Екі ойын қорытындысы бойынша 4 ұпай жинаған Англия құрамасы турнир кестесіндегі бірінші орнын сақтап қалды. Дания мен Словения құрамалары еншісінде 2 ұпайдан бар. Сербия 1 ұпаймен соңғы орында тұр. Бұл туралы Қазақпарат жазды.