Әнші, актриса, тележүргізуші Аша Матай продюсер Баян Алагөзованың үйін көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Аша Матай әпкесінің үйіне Құрбан айт кезінде қыдырып барған. Ол оқырмандарына продюсердің үйін көрсетіп шықты.
"Фитнес бөлмесі, сауна, мини бассейн, екі ас, алты жуынатын бөлме, 10-ға жуық бөлме, үлкен гардероб, қымбат жөндеу, дизайнерлік жиhаз, лакшери өмір", - деп жазды Аша Матай Instagram-дағы сторисінде.
Сонымен бірге бұл үйде кітапхана мен жеке кабинет те бар. Аша Матай бұл "Тұрсын ағанікі (Алагөзов - ред.) болар" деп топшылады.
Бұған қоса, қонақтарға арналған мен кір жууға арналған бөлмені де көрсетті.