$479.23 €534.96 ₽5.16
×

Ақтөбе облысында жүк көлігі өртенді

AstanaTV
21.06.2024ж. 08:37
1065
Ақтөбе облысында жүк көлігі өртенді

«Самара-Шымкент» республикалық маңызы бар автожолының 794 ш. Хромтау ауданында дәрі-дәрмек тиелген жүк көлігі өртенді.

Құтқарушылар күшімен 1991 ж.т. көлік жүргізушісі құтқарылып, жедел медициналық жәрдем бригадасының қызметкерлеріне берілді.

Өрт сөндірушілер қоңырау түскен сәттен бастап 32 минут ішінде өртті жойды. Өрттің себебі анықталуда.