Қырғызстандағы Кара-Балта қаласының маңында жол апатынан алты бала қаза тапты. Бұл туралы 24.kg ақпарат агенттігіне құқық қорғау органдарының өкілі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға 20 маусым күні кешке болған. Volkswagen Jetta көлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, көлік жолдан шығып, жол апатына түсті.
«Көлікте үш ересек және сегіз бала болған. Нәтижесінде 4-тен 9 жасқа дейінгі алты бала қайтыс болды. Қалғандары ауруханаға жеткізілді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу аясында жүргізуші қамауға алынды», - делінген ақапараттық агенттіктің хабарламасында.
Шу облысы ІІМ-де атап өткендей, Г.Т. балаларды тоғанға әкеліп, «Шомылуға тыйым салынған» белгісіне қарамастан, мас күйінде рөлге отырып, балалардың өліміне себепкер болған.
Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда.