$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Қазақстан полициясының құрылғанына 32 жыл

21.06.2024ж. 20:00
1674
Қазақстан полициясының құрылғанына 32 жыл

Қазақстан полициясының құрылғанына 32 жыл! Міне содан бері қылмысты ашуда, қауіпсіздікті сақтауда олардың еңбегі орасан. Бұл мамандық иесі атану екінің-бірінің қолынан келмейді. Себебі күн-түн демей ел тыныштығын күзетеді. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін мамандық иелерімен тілшіміз тілдесті. 

Полиция қызметкері болу үшін білім де, білік те керек. Олардың әр сәті қауіпке толы. Өз өмірінен өзгенің өмірін жоғары қояды. Қуаныш Мырзаев осыдан 2 жыл бұрын 25-ші қабаттан құламақ болған қызды құтқарып қалды. «Бұл менің парызым» дейді ол.

Қуаныш МЫРЗАЕВ, БАЙҚОҢЫР АУДАНЫНЫҢ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ:
25 этаждан козыректа бір қыз өзін-өзі жерге қарай тастамақшы болған. Сонымен 24 этажға дейін лифтпен көтеріліп, техникалық этаждың есігінен кірсем, кішкентай окошканы сындырып шығып кеткен екен. Қарасақ балконның фасадының жоғарғысында отыр екен. Шығуға тура келді, өйткені ана қыз секіріп кете ма деп ойлап қалдық, жерге қарап жылап отырғаннан кейін.
Ал Ерлан Әбсен жұмыстан тыс уақытта спортпен шұғылданады. Айтуынша, спорт оны шапшаңдық пен тәртіпке үйретеді. Ал бұл полиция қызметкері үшін аса қажет.

Ерлан ӘБСЕН, САРЫАРҚА АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ КРИМИНАЛДЫ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:
Спортпен тек қана полиция қызметкері ғана емес, кез келген адам спортпен шұғылданғаны дұрыс деп ойлаймын. Спорт - денсаулық кепілі, спортпен айналысатын адамның өзін - өзі басқаруы, аурушаң болмайды. Әрқашан сергек әрі өзін жақсы сезінеді. Сондықтан спорттың жаман түрі жоқ.
Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген тәртіп сақшылары қай істе болмасын қырағы. Сыни жағдайда жауапты шешімдер қабылдап, тығырыққа тірелгендердің жанынан табылады. Осылайша жұрттың алғысына бөленеді.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:
-  Полиция қызметкерлеріне алғысым шексіз, себебі осыдан біраз уақыт бұрын қоғамдық көлікте телефонымды жоғалтып алған болатынмын. Сол кезде тез әрі жылдам табуға көмектескен полиция қызметкерлері болды.
-  Осыдан бір жыл бұрын ноутбугімді жоғалтқан болатынмын, Шамамен бес жүз мың теңге. Дер кезінде полиция қызметкерлеріне хабарласуымның нәтижесінде бір күннің ішінде ноутбугімді тауып алдым.
Тәулік талғамай қызмет ететін полиция қызметкерлерінің алар орны ерекше. Себебі олар бар жерде тәртіп бар.