$481.84 €531.33 ₽5.07
×

Мемлекет басшысы бірнеше елдің төтенше және өкілетті елшісінен сенім грамоталарын қабылдады

Мемлекет басшысы бірнеше елдің төтенше және өкілетті елшісінен сенім грамоталарын қабылдады

Мемлекет басшысы төрт елдің төтенше және өкілетті елшісінен сенім грамоталарын қабылдады. Сенім грамоталарын Қатар Мемлекетінің, Боливар Венесуэла Республикасының, Камбоджа Корольдігінің және Бурунди Республикасының елшілері тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми басталуымен құттықтап, олардың мемлекеттерінің басшыларына ізгі тілегі мен сәлемін жолдады. Жақын арада аталған мемлекеттермен өзара ынтымақтастықты дамытуда жаңа жетістіктерге қол жеткізе аламыз, деді Президент.

Росальба ЛО БУЭ АНТИКО,  БОЛИВАР ВЕНЕСУЭЛА РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕЛШІСІ:

Бұл қатынастар өте маңызды. Бұл екі ел үшін де өзара тиімді. Бір-бірін толықтырып тұрады. Біздің мемлекет Қазақстан үшін Оңтүстік Америка мен Кариб бассейніндегі сенімді серіктес болғысы келеді.