$480.55 €533.75 ₽5.36
×

EURO 2024: 21 маусымда қай құрамалар ойнайды?

AstanaTV
21.06.2024ж. 22:31
2327
EURO 2024: 21 маусымда қай құрамалар ойнайды?

Ең алдымен 18:00–де Е тобында Словакия мен Украина ойнайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кездесу Дюссельдорф қаласындағы "Меркур Шпиль-Арена" стадионында болады.

Екі құрама бұған дейін сегіз мәрте кездесті. Украина үш, Словакия екі мәрте жеңіске жетсе, қалғаны тең нәтижемен аяқталды.

Бұл топтағы Румыния мен Бельгия кездесуі 22 маусымда өткізіледі.

Сондай-ақ D тобындағы Польша мен Австрия кездесуі 22.00-ге белгіленген.

Қазірге дейін құрамалар он бір ойында кездесіп, бесеуінде Польша, төртеуінде Австрия басым түссе, қалғанында тең нәтиже тіркелді.

Кездесу Берлин қаласындағы "Олимпиаштадион" стадионында болады.

Аталған топтағы Нидерланд және Франция кездесуі 00.00-ге белгіленген.

Құрамалар қазірге дейін отыз екі мәрте кездесіп, он бірі Нидерланд, он жетісі Францияның басымдығымен аяқталса, қалғанында тең нәтижеге қанағат білдірді.

Ойын Лейпциг қаласындағы "Ред Булл-Арена — Центральштадион" стадионында өтеді.

Алғашқы турда Франция Австрияны 1:0, Нидерланд Польшаны 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Көш басында үш ұпаймен Франция мен Нидерланд келеді. Ал Польша мен Австрияның еншісінде ұпай жоқ.