$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қызылорда облысында биыл кене шаққан 522 адам дәрігерлер көмегіне жүгінген

AstanaTV
22.06.2024ж. 06:27
1857
Қызылорда облысында биыл кене шаққан 522 адам дәрігерлер көмегіне жүгінген

Қызылорда облысында биыл 522 адам кене шағу жағдайымен дәрігерлердің көмегіне жүгінген.

Облыста Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша 115 елді мекен қолайсыз деп танылған. Бұл аумақта кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жалғасуда. Олардың тиімділігін тексеру де тұрақты бақылауда.

Наурыз айынан бастап зоопаразитологиялық топпен кене жинау, зерттеу жұмыстары жүрізілуде. Бүгінге дейін 20329 дана кене жиналды, олардың 2517-і сынама зерттеумен қамтылып, 37 сынамадан оң нәтиже анықталды. Оның ішінде елді мекеннен жиналған кенелердің 9, жануарлардан алынған кенелердің 21, және далалық аймақтан жиналған кенелердің 7 сынамасынан оң нәтиже тіркелді.

Биыл 522 адам кене шағу жағдайымен медициналық көмекке жүгінген. Барлығына дәрігерлік көмек көрсетілді. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына 9 күдікті жағдай тіркеліп, оның үшеуі лабораториялық, клиникалық және эпидемиологиялық жолмен нақтыланды. Мұндай деректер Жаңақорған мен Шиелі аудандарында кездесті.