$479.23 €534.96 ₽5.16
×

Таразда жерасты газ құбыры жарылды

AstanaTV
23.06.2024ж. 07:28
1681
Таразда жерасты газ құбыры жарылды

Таразда Қарасу ауданындағы көпқабатты үй маңында жойқын газ жарылысы болды. Зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ, деп хабарлайды @taraznews.kz

Оқиға көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. 

Жамбыл облыстық ТЖД мәліметінше, жер астындағы газ құбыры жарылған.  

Жарылыс 5-ші шағынаудандағы №26 үйдің жанында болды. Оқиға орнында бес құтқарушы, екі техника, сондай-ақ Апаттар медицинасы орталығының төрт қызметкері жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлады департаменттен.

Оқиғаның себебі анықталуда.