$484.19 €524.28 ₽5.03
×

Президент мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады

AstanaTV
23.06.2024ж. 11:00
991
Президент мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады

Президент Мемлекеттік қызметші күніне орай Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында арнайы жазба жариялады. 

– Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Өздеріңізге Әділетті Қазақстанды құру жолында айрықша міндет жүктелген. Сіздер мемлекет пен қоғам мүддесін қорғап, жасампаздық пен жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетесіздер деп сенемін. Еңбектеріңіз жемісті болсын! – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.