$479.23 €534.96 ₽5.16
×

Жеңіс Қасымбек өрттен зардап шеккен пәтерлер қалай жөнделетінін айтты

AstanaTV
23.06.2024ж. 15:11
485
Жеңіс Қасымбек өрттен зардап шеккен пәтерлер қалай жөнделетінін айтты

Астана әкімі кешегі өрт салдарынан зардап шеккен пәтерлердің тұрғындарымен кездесті, - деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қала әкімі өрттің себебін ТЖД анықтайтынын мәлімдеді.

"Rixos Khan Shatyr Residences ТК зардап шеккен пәтерлерінің тұрғындарымен кездестім. Өрт салдарын жою бойынша жұмыс комиссиясын құрамыз. Енді сарапшылар техникалық қорытынды бергеннен кейін біз қасбетті қалпына келтіруге және зардап шеккен пәтерлерді жөндеуге кірісеміз. Өрттің себебін қаланың ТЖД анықтайды", - деді Жеңіс Қасымбек.