$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Алматыда экологиялық «Open Air» шарасы өтті

AstanaTV
24.06.2024ж. 21:21
242
Алматыда экологиялық «Open Air» шарасы өтті

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен AMANAT партиясы «Жастар Рухы» Жастар Қанатының ұйымдастыруымен «Green Almaty» жобасы аясында «Open Air» атты іс-шара өтті.

Бұл іс-шараға Алматы университеттерінің Жастар істері жөніндегі комитеттерінің жетекшілері қалалық ортаны тұрақты дамытуға және жақсартуға бағытталған маңызды экологиялық бастамалар мен жобаларды талқылау үшін жиналды.

Жобаға 20-ға жуық қатысушы қатысты.

Бағдарламада барлық қатысушыларды жаңа жетістіктерге шабыттандырған қызықты интерактивті сессиялар, шеберлік сыныптары мен пікірталастар болды.

Басты спикер Алматы қаласы «Жастар Рухы» Жастар Қанатының белсендісі Сахи Бекембай болды. Ол өзінің және басқада қатысушылардың жеткен жетістік жолдарын ортаға салып талқылады.

Сөз барысында Сахи Бекембай:

«Біз экологияға байланысты түсінікті арттыруға және озық тәжірибелермен алмасуға, қаланы көгалдандыру үшін бірлескен жобаларды әзірлеуге, сондай-ақ жастарымыздың көшбасшылық дағдыларын нығайтуға ұмтыламыз,» -деп қорытындылады.